Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік
«Пружина» ҒӨФ» ЖШС зауытының негізгі басымдығы – еңбек қызметі барысында зауыт қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтап алуды қамтамасыз ету және экологиялық таза технологияларды енгізу болып табылады.
Жарақаттану көрсеткішін 0,9 LTIFR көрсеткішінен жоғары емес ұстау.
Кәсіпорында «Қауіпсіз орта» стратегиясы жүзеге асырылуда
Тиімді және жайлы еңбек үшін қауіпсіз кеңістікті ұйымдастыру
Жұмыс кеңістігін жаңғырту; жабдықтарды, жарақтарды оңтайлы орналастыру
Жұмыс аймағын толық жиынтықтау; негізгі және қосалқы жабдықтар жиынтығымен, жарақтармен және құрал-саймандармен жабдықтау
Қолайлы және экологиялық таза еңбек жағдайларын жасау
Жұмыс орындарын үздіксіз техникалық сүйемелдеу
Еңбек қауіпсіздігі техникасының негізгі міндеттері
Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, сондай-ақ технологиялық тәртіп талаптарын сақтау.Нормативтік құжаттамамен; оқыту; еңбекті қорғау бойынша білімін, талаптары мен дағдыларын тексеруді қамтамасыз ету
Қызметкерлерді оқыту және тағылымдама өткізу: жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдері, өндірістегі ықтимал аварияларды жою кезіндегі іс-қимылдар.
Жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды және медициналық тексерулерді ұйымдастыру; қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету.
Моральдық және физикалық ескірген жабдықтарды ауыстыру, өндірістік тәуекелдерді азайту үшін технологиялық процестерді жетілдіру; жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын бағалау.