Сапа менеджменті жүйесі
«Пружина» ҒӨФ-та сапаны басқарудағы стратегияның түйінді факторлары
Тапсырыс беруші мен кәсіпорын мүдделерінің теңгерімінде өнім сапасының жоғарғы көрсеткіштерін ұстап тұру.
Ұйымды өзара байланысты процестер жүйесі ретінде қарастыру.
Команданы сапа дамытуға тартуды қамтамасыз ету.
PDCA қағидаттарын қолдана отырып, басқаруды оңтайландыру.
Қызметкерлердің құзыреттілік деңгейін арттыру.
Барлық деңгейдегі персоналды бизнес процестерді жетілдіру жөніндегі жұмысқа тарту.
«Пружина» ғылыми-өндірістік фирмасы» ЖШС Сапа менеджменті жүйесі бойынша ISO 9001 стандартының талаптарына сәйкес сертификатталған. Сапа менеджменті жүйесі стандарттарының талаптарына сәйкестігі сертификаттық аудиттердің нәтижелерімен тұрақты расталады. «Пружина» ғылыми-өндірістік фирмасы» ЖШС кәсіпорны өз өнімдерін бірегей таңбамен сәйкестендіреді.
Кәсіпорында «Үнемді өндіріс» және «5S» тұжырымдамасы енгізілген. Кайдзен жүйесіне негізделген жобалар жүйелі түрде әзірленуде.
Жылына 50 Кайдзен жобасы